Кофенің жанында — сіздің брендіңіз

Coffee Boom — асүй, кондитерлік өнімдер мен кофені бір кеңістікте тоғыстырған және 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кофеханалар желісі.

Бізде жеке өндірістен бастап, команданы оқыту мен тұрақты қолдауға дейінгі барлық үдеріс қамтылған. Бүгінде желіде 130-дан астам локация бар және олардың әрқайсысы осы үлгіге сүйене отырып ашылған.


Жарнама берушілерге
15+
жыл нарықта
130+
кофехана
12
қала
3 млн
қонақ (айына)

Асықпайтын аудитория

Қонақтар кофеханаға кофе ішуге немесе таңғы асқа, түскі асқа, ал кейде кездесуге немесе жай ғана уақыт өткізуге келеді. Сол себепті бұл жер — брендті артық қысымсыз танытуға мүмкіндік беретін жайлы орта.
«Кофеханадағы тыныш әрі жайлы орта брендке назар аударуға қолайлы жағдай жасайды»
Неліктен Coffee Boom?
72%
Аптасына 3 реттен көп келетін қонақтар
25–44
Негізгі аудитория — белсенді әрі төлем қабілеті жоғары қонақтар
45 мин
Қонақтың кофеханада өткізетін орташа уақыты
68%
Қонақтарымыз — 500 м радиустағы кеңселер мен СОО қызметкерлері

Басты үш аудитория

Біздің аудиториямыз әртүрлі — құндылығымыз да осында. Кофехананың форматы мен тәулік уақытына қарай келушілер құрамы өзгеріп отырады. Сондықтан біз қонақтардың келу мақсатын ескере отырып, жарнамаңызды қажетті аудиторияға бағыттаймыз.

Coffee Boom-ға кімдер келеді
25-40 жас
орташа көрсеткіштен жоғары табыс
B2C + B2B
Кеңсе қызметкері
Таңертең кофе алуға кіріп, түскі уақытта қайта соғады. Күнделікті бағыты қалыптасқан, баратын орны да таныс. Мұндай тұрақты аудитория кофеханаға жиі келіп, брендіңізді бірнеше рет көреді. Соның арқасында бренд есте жақсы сақталады.
18–28 жас
Digital-native
Lifestyle
Белсенді жастар
Кофехананы кездесіп, еркін уақыт өткізетін орын ретінде таңдайды. Жаңа форматтарды, көзге түсетін детальдар мен тиімді ұсыныстарды тез байқайды. Брендтің түсінікті әрі қызықты коммуникациясына оңай назар аударады.
30–50 жас
Тапсырыс сомасы жоғары
Ұзақ уақыт өткізу
Отбасы және достарымен бас қосатындар
Көбінесе демалыс күндері және кешкі уақытта жақындарымен бірге келеді. Асықпай, кофеханада көбірек уақыт өткізеді. Бұл — аудиторияның назарын асықпай аударып, брендті жақсырақ таныстыруға қолайлы орта.
58
%
Әйел адамдар
42
%
Ер адамдар
3,7
мың
аптасына келетіндер саны
85
%
Тұрақты қонақ картасы
Жарнама форматтары

Брендіңізді танытудың тиімді жолдары

Жекелеген акциялардан бастап, желі бойынша ауқымды орналастыруға дейінгі әртүрлі формат ұсынамыз. Сондай-ақ сіздің мақсатыңызға сай келетін арнайы ұсыныс әзірлеуге дайынбыз.
01
Мәзірге орналастыру
Баспа түріндегі немесе QR-мәзірде орналастыру. Жеке бет, маусымдық бөлім, арнайы ұсыныс немесе сай келетін санаттың жанына орналастыру.
02
Үстелдегі жарнама
Үстелге қойылатын тейбл-тенттер мен буклеттер, шағын брошюралар немесе QR-карталар. Яғни қонақ тапсырысын күткенде немесе үстел басында отырған кезде көзіне түсетін форматтар.
03
өзіңізбен алып кету
Пакетке салынатын қосымшалар, стикерлер, купондар, өзіңмен алып кетуге арналған тапсырыстарға қосылатын карточкалар немесе брендтелген қаптама элементтері.
04
Digital формат
Касса маңындағы экрандарда, QR-мәзірде, қосымшада, Wi-Fi қосылған кездегі экранда немесе Coffee Boom әлеуметтік желілерінде орналастыру.
05
Адалдық бағдарламасы
Брендті Coffee Boom қосымшасында ұсыну: push-хабарламалар, бағдарлама қатысушыларына арналған арнайы ұсыныстар және серіктес өнімдерін сатып алғаны үшін ұпай берілетін бірлескен акциялар.
Жарнама форматтары

130+ локация — сіздің таңдауыңыз

Бір қаланы таңдаңыз немесе бүкіл желіні қамтыңыз. Кофеханаларды келушілер санына, форматына немесе аудиториясына қарай іріктеуге болады. Біз сіздерге әр локация бойынша толық ақпарат ұсынамыз.
кофехана
26
Алматы
Форматы
SINCE 2010
Roasters & Bakery
кофехана
23
Астана
Форматы
SINCE 2010
Roasters & Bakery
кофехана
12
Шымкент
Форматы
SINCE 2010
кофехана
10
Атырау
Форматы
SINCE 2010
кофехана
9
Ақтөбе
Форматы
SINCE 2010
Тағы 7 қала
Павлодар, Өскемен, Ақтау, Көкшетау, Теміртау, Түркістан, Семей
Әр локацияның келушілер ағыны мен негізгі көрсеткіштері туралы толық ақпарат сұраныс бойынша беріледі.
Өтінімнен жарнамаға дейін

Өтінімнен
жарнамаға дейін

Біз бриф пен қажетті форматтарды таңдаудан бастап, кофеханаларда науқанды іске қосып, қорытынды есеп ұсынғанға дейінгі барлық кезеңде сізге қолдау көрсетеміз.

Өтінім және бриф
01
Өтінім қалдырасыз. Біз 1 жұмыс күні ішінде хабарласып, мақсатыңызды, аудитория мен бюджетті бірге талқылаймыз. Содан кейін барлық қажетті ақпаратты нақтылап, келісу үшін бриф жібереміз.
Ұсыныс
02
Медиажоспар дайындаймыз: орналастыру форматтарын, локацияларды, қамтылатын аудитория ауқымын және болжамды нәтижені ұсынамыз. Содан кейін барлық детальдар мен құнын келісеміз.
Келісім жасасу
03
Макеттер мен контентті келісіп, бекітеміз. Өндіріс пен логистиканың барлық кезеңін үйлестіреміз. Материалдардың Coffee Boom стандарттарына сай әзірленуін қадағалаймыз.
Іске қосу және есеп беру
04
Жарнама жоспарға сай орналастырылады. Науқан аяқталған соң аудиторияны қамту көрсеткіштері және кері байланыс қамтылған толық есеп ұсынамыз.
Жарнама орналастыруды талқылау

Өз мақсатыңызбен бөлісіңіз

Өтінім қалдырыңыз, ал менеджеріміз 1 жұмыс күні ішінде сізге хабарласып, аудиторияңыз бен бюджетіңізге сай ұсыныс дайындап береді.