Алғашқы Coffee Boom 2010 жылы Астанадағы жанармай құю бекетінде ашылды. Бұл шағын ғана, бірақ жайлы әрі жылы орын еді. Идеясы қарапайым болды: біз әр қонақ өзін үйіндегідей сезінсе дедік. Бизнес жоспары бар үлкен желі құруды мақсат етпей, тек жақсы жерде сапалы кофе ұсынуды ойладық.
Дегенмен көп ұзамай қонақтар Coffee Boom-ға тек кофе үшін емес, жайлы атмосферасы үшін де келе бастады. Осылайша шағын кофехана уақыт өте халықаралық желіге айналды. Бірақ ең бастысы — әрбір қонаққа деген шынайы ықыласымыз өзгерген жоқ.





























