Бір философия —



екі формат

Бір бренд, екі формат – әрқайсысының өз болмысы бар, алайда кофе мен тағамның сапасы және қонаққа деген ілтипат әрдайым жоғары деңгейде.
Coffee Boom Since 2010
Елдің 12 қаласында үйге де, жұмысқа да жақын орналасқан қалалық формат
Coffee Boom Since 2010
Coffee Boom Roasters & Bakery
Ростерия, наубайхана және асүй фабрикасы бір кеңістікте тоғысқан жаңа кезең
Coffee Boom Roasters & Bakery
Баршаға таныс Coffee Boom
2010 жылдан бері дамып келе жатқан бренд форматы. Бүгінде 12 қалада 130-дан астам локация бар.
бірінші формат

Демалыста мұнда қонақтар отбасымен таңғы асқа, ал күндіз кездесуге келеді және таңертең жолай кофе алуға соғады. Жайлы атмосфера, таңдауы мол мәзір,  десерттер мен дәмі тіл үйіретін тағамдар — бәрі бір жерде. Алғаш кіргеннен-ақ көңілге қонымды, артық ештеңе жоқ формат.

Осындай өмір ырғағы Coffee Boom-ға ерекше жайлылық сыйлайды. Сенбілік таңғы ас, балалар мерекесі, құрбыңмен кофе ішу немесе түстен кейінгі іскерлік кездесу – әр сәттің мұнда өз орны бар.

«Өзімізде дайындалатын кофе, тағамдар мен десерттер және қайта оралғың келетін ерекше атмосфера».
— CB Since 2010 форматы туралы
CB Since 2010 - Астана интерьері
Сенбілік таңғы ас
Тәттілер шеберханасы

Атмосфераны сипаттайтын үш сөз

Жайлы атмосфера
Мұнда уақыттың қалай өткенін байқамай қаласыз. Кофе суып үлгергенше әңгіме ұзаққа созылып, кетуге асықпайсыз. Неге екенін түсіндіру қиын — бәлкім, бәріне себеп жайлы атмосфера болар.
Өз кофеханаңыз
Мұнда туған күндер тойланады, достар бас қосады, балалар ата-анасымен әңгіме-дүкен құрып, жаңалықтарымен бөліседі. Coffee Boom-да әр қонақ өзін үйдегідей жайлы сезінсе дейміз.
Таныс дәм
Капучино — әр келген сайын өзіңіз білетін таныс дәм. Тағамдар Асүй фабрикасында, ал десерттер Тәттілер шеберханасында дайындалады. Қай Coffee Boom-ға барсаңыз да — өзіңізге таныс дәм.
CB Since 2010: мұнда келудің бірнеше себебі
жайлы атмосфера
Оятқышсыз басталған сенбінің таңы
Оятқышсыз басталған сенбінің таңы
Бүгінгі жалғыз жоспар — осы таңғы ас
Кездесуге таптырмас себеп
Кездесуге таптырмас себеп
Үлкен дастархан жаймай, жай ғана атап өткің келген кезде
Апта ортасындағы демалыс
Апта ортасындағы демалыс
Демалыс күндерін күтпей-ақ, дәл қазір бір сәт тыныстап алғың келгенде
Кеңседен тыс кездесу
Кеңседен тыс кездесу
Келіссөз бөлмесінен гөрі тыныш орта мен жақсы кофе қажет кезде
Өмір ырғағы әртүрлі, келуге себеп те сан алуан. Алайда кофе мен тағамның сапасы, қонаққа деген ықылас — кез келген жерде бірдей жоғары деңгейде
Roasters & Bakery
Бренд тарихындағы жаңа кезең. Ростерия, наубайхана мен ашық асүй — бәрі қонақтың көз алдында, бір кеңістікте. Мұнда қонақ кофе дәнінің қалай қуырылып, хош иісті сусынға айналатынын тапсырыстан бұрын көреді.
бірінші формат

CBRB – дайындау процесі қонақтың көз алдында өтетін формат. Кофе қуыру аймағы мен наубайхана бір кеңістікте тоғысқан. Мұнда шыныаяғыңыздағы кофенің қалай дайындалатынын өз көзіңізбен көресіз.

Кофе көз алдыңызда қуырылады, ал жаңа піскен нан мен тоқаштың хош иісі айналаны баурап әкетеді. Мұнда әлемнің әр түкпірінен әкелінген сирек кофе сұрыптарынан, шығыс тәсілімен дайындалған немесе мұздатылған кофеден дәм татып, кофені түрлі әдіспен демдеудің ерекшелігін сезіне аласыз. Сондай-ақ бұл жерде жаңа қуырылған кофе сатып алуға болады.

Кофе дәнінен шыныаяғыңызға дейінгі бүкіл процесс көз алдыңызда өтеді.

«Өзімізде дайындалатын кофе, тағамдар мен десерттер және қайта оралғың келетін ерекше атмосфера».
— CB Since 2010 форматы туралы
Қуыру
Наубайхана
Өзіңізбен бірге алып кетуге

Атмосфера жайында бірер сөз

Ашық цех
Қызықтың бәрі залда. Мұнда ростер жұмыс істеп, нан өнімдері көз алдыңызда пісіп жатады, оған қоса кофе де осы жерде қуырылады. Дәл қазір қуырылып жатқан дәннің ерекшелігін баристадан сұрауға болады.
Түрлі сұрып
Ростерде әлемнің әр елінен келген сирек кофе сұрыптары кезекпен қуырылады. Бүгін Эфиопия болса, ертең — Кения. Мұнда кофе ішіп қана қоймай, оның дәмімен, тарихымен және мәдениетімен жақынырақ танысуға болады.
Авторлық тұжырымдама
Алматы мен Қарағандыдағы CBRB — екі түрлі әсер, екі бөлек тәжірибе. Тұжырымдамасы ортақ болғанымен, әр жоба өз қаласының болмысын, мінезі мен рухын өзінше жеткізеді.
CBRB-ға келуге себеп көп
жайлы атмосфера
Таңды бастау
Таңды бастау
Дәмді таңғы ас, жаңа піскен нан өнімдері, өзіміз қуырған кофе — күнді Coffee Boom-да бастауға үш себеп.
Кофенің қалай қуырылатынын көру
Кофенің қалай қуырылатынын көру
Тек CBRB-ға тән ерекшелік: цех қонақтың көз алдында жұмыс жасайды.
Басқа еш жерде жоқ жерге соға кету
Басқа еш жерде жоқ жерге соға кету
Әр CBRB жобасының өз бояуы, өзіндік фактурасы және орналасқан қаласының ерекшелігін айшықтайтын атмосферасы бар.
Үйге кофе сатып алу
Үйге кофе сатып алу
Залда кофе дәмін татып көріп, баристамен бірге өзіңізге ұнайтынын таңдаңыз Содан кейін дайын қаптаманы қуыру аймағынан алып кетіңіз.
Қысқаша айтсақ
Бүгін қайда баратыныңызды
таңдай алмай тұрсаңыз.
CB Since 2010
CB Roasters & Bakery
Сапалы кофе мен тағам ұсынатын қалалық формат – желінің әрбір локациясындағы бірдей жоғары стандарт.
Концепция
Ростерия, ашық асүй мен наубайхана бір локацияда — қонақтарға ашық кофе өндірісі.
Жып-жылы, жақын әрі таныс — қайта оралғың келіп тұратын мекен.
Атмосфера
Ашық, сан қырлы, өзіндік қолтаңбасы бар — жаңа шешімдер, тосын әсерлер және кофе әлеміне терең бойлау.
Таңғы, түскі және кешкі ас пен десерттердің барлығы бүкіл желіге Асүй фабрикасы мен Тәттілер шеберханасынан жеткізіледі.
Мәзір
Кофе, жаңа піскен нан өнімдері мен тағамдар — барлығы қонақтың көз алдында, сол жерде дайындалады.
CBRB-да қуырылған кофе — әрбір шыныаяғы ерекше дәмге толы.
Кофе
Әлемнің әр түкпірінен жиналған сирек кофе сұрыптары — дәндер көз алдыңызда қуырылып, ұнағанын үйге алып кете аласыз.
12 қалада 130-дан астам локация бар — үйіңізге де, жұмысыңызға да, сауда орталықтарына да жақын.
География
4 жоба — Қостанай, Қарағанды, Астана, Алматы.