Біз кәсіби дағдыларды меңгеруге көмектесіп, қажеттінің бәрін өзіміз үйретеміз. Ал қонақты шын көңілмен қарсы алу, оған қамқорлық таныту және әр істі ықыласпен атқару адамның өзінен басталады. Сондықтан біз үшін түйіндемедегі тәжірибеден бұрын сіздің қандай адам екеніңіз, адамдарға деген қарым-қатынасыңыз бен ниетіңіз маңызды.
Қуана келгің келетін жұмыс
Бүгінде 130-дан астам кофехана мен өндірісте 13 000 адам еңбек етеді. Басқарушыларымыздың көбісі еңбек жолын бариста болып бастаған. Біз тәжірибесіз де жұмысқа қабылдаймыз, бәрін басынан үйретіп, бірге өсіп, бірге дамимыз. Себебі адамдарды жақындастыратын жайлы орта ең алдымен ұйымшыл командадан басталады.
Телефон
дс — жм, 09:00 — 18:00
сандар
Coffee Boom-да жұмыс істеудің артықшылықтары
Бізге жай ғана ауысымға шығатын қызметкер емес, бірге өсіп, дамуға дайын адамдар керек.
Сондықтан әр маманға өз ісін үйретіп, кәсіби дамуына жол ашамыз. Сондай-ақ Қонақтарды өзіне тартып, команданы біріктіретін жылы атмосфераны бірге қалыптастырамыз.




Командадағы
бағыттар
Coffee Boom — кофеханалардың екі форматы мен үш жеке өндірісті біріктіретін үлкен команда. Бізге барда да, өндірісте де, кофе қуыру ісінде де өз орнын табуға дайын мамандар қажет.
Дәл қазір қандай мамандар қажет
Мұнда желідегі қазіргі бос жұмыс орындары жинақталған. Іздеген жұмыс орнын таппасаңыз да, өтінім қалдыра беріңіз.
Бізде үнемі жаңа жұмыс орындары ашылып отырады, ал лайықты үміткерлерді базаға енгізіп қоямыз.
Түйіндемеден гөрі
қарым-қатынас маңызды

Кел, таныс болайық!
Қысқаша үлгіні толтырып, өтінім қалдырыңыз. Біз оны қалаңыздағы кадр бөліміне жібереміз.