Сапалы өнім мен қызметке мән беретін серіктестермен бірге өсіп келеміз

Coffee Boom — 130-дан астам кофеханасы, өзінің ас дайындау фабрикасы, тәттілер шеберханасы және кофе қуыру цехы бар ірі желі. Күн сайын кофеханаларымызға кофе дәндері, азық-түлік өнімдері, қаптама материалдары мен қажетті жабдықтар жеткізіледі.

Егер сіз тұрақты сапа мен ашық әрі сенімді қызмет ұсына алсаңыз, сізбен серіктестік мүмкіндігін қуана-қуана талқылаймыз. 

Жеткізушілерге
Жауап беру уақыты
5 жұмыс күніне дейін
Өңірлер
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан

Телефон
дс — жм, 09:00 — 18:00

Сатып алу бөлімі

сандар

статистика
130+
жеткізу локациясы
3
өндіріс орны
12
қала
16
жыл нарықта

Coffee Boom-мен 

жұмыс істеу 

қандай мүмкіндіктер береді?

Біз сапаны сақтайтын жеткізушілермен ұзақ мерзімді серіктестік құрамыз. Желі өскен сайын сіздің жеткізу көлеміңіз  де арта түседі. Енді біздің тарапымыздан жұмыс қалай ұйымдастырылатынына қысқаша тоқтала кетейік.

Неліктен біз?
Желі ауқымы
Желі ауқымы
130-дан астам кофехана, ас әзірлейтін фабрика, кофе қуыру цехы және тәттілер шеберханасы. Бір келісімшарт — ондаған жеткізу орны және алдын ала жоспарлауға болатын тұрақты көлем.
Ұзақ мерзімді келісімшарттар
Ұзақ мерзімді келісімшарттар
Біз сенімді серіктестікті ұзақ мерзімге құрамыз. Аудиттен өткен жеткізушілермен жылдар бойы жұмыс істейміз. Мұндай әріптестік екі тарап үшін де тұрақтылықты қамтамасыз етіп, жұмыс сапасын бірге жетілдіруге мүмкіндік береді.
Ашық шарттар
Ашық шарттар
Төлем мерзімі нақты белгіленген, тауарды қабылдау тәртібі айқын, сапа бойынша тұрақты кері байланыс беріледі. Ауызша уағдаластық пен екіұшты талаптар жоқ — барлық шарт алдын ала келісіліп, бекітіледі.
Тікелей байланыс
Тікелей байланыс
Әр санатқа жауапты сатып алу маманы бекітілген. Артық әуре-сарсаң мен бір маманнан екіншісіне бағыттау жоқ — шешімді кім қабылдайтыны және оған қанша уақыт кететіні алдын ала белгілі.
Сатып алынатын өнімдер

Біз не сатып аламыз?

Тауарыңыз немесе қызметіңіз төмендегі санаттардың біріне сәйкес келсе — өтінім қалдырыңыз. Егер қажетті санат тізімде болмаса, алайда ұсынысыңыз бізге сай келеді деп ойласаңыз, бізге жазыңыз. Профильге кірмейтін ұсыныстарды да біз тоқсан сайын қарастырамыз.

Кофе және дән
Импорттаушылар мен сауда үйлерінен алынатын жасыл кофе дәндері, спешелти лоттар және моносұрыптар. Өнімнің шығу тегін растайтын құжаттар мен сапа тұрақтылығы — міндетті талап.
Сүт өнімдері
Сүт, кілегей, ірімшік және сүзбе. Өсімдік негізіндегі сүт түрлері: сұлы, бадам және кокос сүті. Тұрақты түрде әрі үлкен көлемде сатып алып отырамыз.
Азық-түлік және кондитерлік өнімдер
Ұн, шоколад, какао, жаңғақтар, кептірілген жемістер және дәмдеуіштер. Тәттілер шеберханасы мен асүй фабрикамызға арналған негізгі шикізат.
Балғын азық-түлік
Фермерлік ет пен балық, көкөніс, жемістер және асшөп. Біз жергілікті жеткізушілерге басымдық береміз. Себебі жеткізу жолы қысқа болған сайын, мәзірдегі өнімдер де соғұрлым балғын болады.
Қаптама
Стакан, қақпақ, қасық, пакет, тортқа және жеткізуге арналған қораптар. Брендтелген және экологиялық қаптама бөлек тендерлер арқылы сатып алынады.
Тасымалдау
Қойма, фабрика және кофеханалар арасындағы жеткізу. Салқындатылған және құрғақ өнімдерді тасымалдау, қалааралық және жедел жеткізу.
Біз үшін маңыздысы

Арзанын емес, тұрақтысын таңдаймыз.

«Біз жеткізушілерді бағасына қарап емес, алғашқы әсер басылып, маусым қызған үшінші айдағы жұмысына қарап бағалаймыз».
— Coffee Boom-ның сатып алу бөлімі
Біз жеткізушіні ең төменгі бағаға қарап таңдамаймыз. 130-дан астам кофехананың күнделікті жұмысы тұрақты жеткізілімді талап етеді. Сондықтан бір жеткізушідегі кідіріс бізге үнемделген бірнеше пайыздан әлдеқайда қымбатқа түсуі мүмкін. Сондықтан серіктестің құжат жүзінде де, іс жүзінде де үлкен көлемдегі тапсырысты тұрақты орындай алатынына көз жеткіземіз.
01
Сертификаттар мен құжаттар
Біз сәйкестік декларацияларын, сапа сертификаттарын және өнімнің шығу тегі мен сақталуына қатысты құжаттарды бірден сұратамыз. Бұл құжаттарсыз өнімді витринаға қоя алмаймыз.
02
Стабильность поставок
Тұрақты жеткізу кестесі, нақты мерзімдер және күтпеген жағдайларға арналған нақты жоспарымыз бар. «Өнім таусылып қалды, екі аптадан кейін жеткіземіз» дейтін формат бізге сәйкес келмейді.
03
Ашық әрі түсінікті баға саясаты
Ашық әрі түсінікті баға саясаты, көлемге қарай нақты белгіленген жеңілдіктер және алдын ала хабарланатын баға индексациясы. Біз баға мәселесін талқылауға әрдайым дайынбыз, алайда күтпеген жағдайларға жол бермейміз.
04
EDI және жүйеде жұмыс істеу
Электрондық құжат айналымы, есеп жүйемізбен интеграциялану мүмкіндігі, қалдықтар мен жүкқұжаттарды қажетті форматта ұсыну.
05
Аудитке дайын болу
Келісімшарт жасамас бұрын біз өндіріс орнына немесе қоймаға барып, бәрін тексереміз. Бұл жай ғана талап емес, бұл — қонақтарымызға берілетін кепілдіктің бір бөлігі.
Біз қалай жұмыс істейміз

Өтінімнен алғашқы жеткізілімге дейін

Сіз үшін мерзімдер мен шешім қабылдау кезеңдерінің нақты болғаны маңызды екенін түсінеміз. Төменде Coffee Boom-ның әрбір жаңа жеткізушісі өтетін 4 кезең көрсетілген.

Өтінім
01
Төмендегі үлгіні толтырып, прайс пен презентацияны тіркеңіз. Өтініміңіз бір күн ішінде тиісті санаттың сатып алу маманына беріледі.
Үлгілерді таныстыру және кездесу
02
Егер санат пен шарттар бізге сәйкес келсе, кездесуге шақырып, дегустация немесе сынақ үшін өнім үлгілерін ұсынуды сұраймыз.
Аудит
03
Технологтар мен сапаны бақылау мамандары өндіріс орнына барып, оның белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалайды. Бір мезетте коммерциялық шарттар келісіледі.
Келісімшарт
04
Негізгі келісімге қол қойып, EDI жүйесіне қосыламыз және жеткізуді бүкіл желі бойынша жолға қоямыз. Одан әрі ұзақ мерзімді серіктестікке көшеміз.
Кері байланыс

Өніміңіз туралы 

айтып беріңіз

Не ұсынатыныңызды, жеткізу көлемін және қай өңірлерде жұмыс істейтініңізді қысқаша сипаттаңыз. Өтініміңізді тиісті бағыт бойынша сатып алу маманына жолдаймыз.

Не тіркеу керек?
Компания презентациясын, прайс, сапа құжаттарын, сайтқа сілтеме және орындалған жобаларды тіркеу керек.
Нені көрсету маңызды?
Жеткізу жүзеге асырылатын өңірлерді, орташа жеткізу көлемін, EDI жүйесімен жұмыс істеуге дайындықты және сервистік қолдаудың болуын көрсету маңызды.
Жауап беру уақыты
5 жұмыс күніне дейін. Дәл қазір бұл санатқа қажеттілік болмаса да, міндетті түрде жауап беріп, байланыс деректеріңізді базада сақтаймыз.