Көз алдарыңызда қуырамыз
Әрбір Coffee Boom Roasters & Bakery-де кәсіби ростер орнатылған.
Кофе дәні дәл осы жерде қуырылып, көп күттірмей шыныаяғыңызға жетеді. Қоймада апталап сақталмайды. Қашанда жаңа қуырылған, хош иісі мен дәмі сақталған кофе.
Сандар
Фермадан — шыныаяғыңызға дейін
Біз фермада жасыл кофе дәнін таңдаудан бастап, бариста сусыныңызды дайындағанға дейінгі әр кезеңді жіті қадағалаймыз. Ал соңғы дән қуыру кезеңі дәл көз алдыңызда өтеді.





Қуыру процесін өз көзіңізбен көресіз
Біз өндірісті қала сыртындағы қоймаға жасырмаймыз. Әрбір CBRB — қонақ бүкіл процесті өз көзімен көретін ашық цех: жасыл кофе дәнінен бастап, дайын өнімге дейін. Ашықтық — философиямыздың бір бөлігі.




Бір профиль — бірдей дәм



Әлемге әйгілі кофе өсіретін өңірлердегі фермалармен тікелей жұмыс істейміз. Кофе дәндерін сапасына, дәмдік ерекшелігіне және өсіру жағдайына қарай іріктеп аламыз.
Әрбір CBRB-де жаңа қуырылған және фирмалық қаптамадағы кофе дәнін сатып алуға болады. Үйдегі кофемашинаға немесе туркаға арналған ең үздік кофе.