CBRB Астана
Мұнда кофе дәні кофехананың өзінде қуырылады, ал қазақ даласының терең тарихы интерьерде жаңаша көрініс табады. Ботай мәдениеті мен дәстүрлі қыш өнерінің мұрасы заманауи жабдықтар және авторлық арт-инсталляциялармен үйлесіп, біртұтас ашық кеңістік қалыптастырады.
Кофехана, асүй және жеке кофе қуыру өндірісі — бір кеңістікте
CBRB Астана — таңғы асқа келуге, іскерлік не достық кездесу өткізуге, сүйікті кофеңізден дәм татуға немесе жаңа дәмдермен танысуға болатын кеңістік.
Coffee Boom Roasters & Bakery форматы бір кеңістікте кофе дәнін қуыруды, ашық асүйді, нан өнімдері мен десерттерді және авторлық интерьерді біріктіреді.
Мұнда жай ғана тағам мен кофеден дәм татып кетуге де, ұзағырақ аялдап, ростердің жұмысын тамашалауға да болады. Сондай-ақ сирек лоттарды таңдап, арт-инсталляциялар орналасқан залдарды аралап, CBRB атмосферасын жақынырақ сезіне аласыз.





Тамыры терең
көшбасшы қала
Астана — Қазақстанның дамуы мен жаңаруының символына айналған елорда. Қарқынды дамып келе жатқан заманауи мегаполистің тарихы тереңнен бастау алады. Астананың терең тарихы мен болашаққа ұмтылған заманауи болмысы CBRB ASTANA тұжырымдамасының негізіне айналды. Мұнда тарихи мұра мен дәстүр заманауи технологиялармен тоғысып, біртұтас кеңістік қалыптастырады.
CBRB ASTANA жобасы б.з.д. IV мыңжылдықта осы өлкеде болған Ботай мәдениетінің тарихына негізделген. Ботай мәдениеті әлемге адамзат жылқыны алғаш қолға үйреткен кезең ретінде танылған.
Арада мыңдаған жыл өткен соң, XIX ғасырда осы жерде Ақмола бекінісі бой көтеріп, кейін оның айналасында қала қалыптасты. Ақмола — бүгінгі Астананың алғашқы тарихи атауы.
Астана — Қазақстанның дамуы мен жаңаруының символына айналған елорда. Қарқынды дамып келе жатқан заманауи мегаполистің тарихы тереңнен бастау алады. Астананың терең тарихы мен болашаққа ұмтылған заманауи болмысы CBRB ASTANA тұжырымдамасының негізіне айналды. Мұнда тарихи мұра мен дәстүр заманауи технологиялармен тоғысып, біртұтас кеңістік қалыптастырады.
CBRB ASTANA жобасы б.з.д. IV мыңжылдықта осы өлкеде болған Ботай мәдениетінің тарихына негізделген. Ботай мәдениеті әлемге адамзат жылқыны алғаш қолға үйреткен кезең ретінде танылған.
Арада мыңдаған жыл өткен соң, XIX ғасырда осы жерде Ақмола бекінісі бой көтеріп, кейін оның айналасында қала қалыптасты. Ақмола — бүгінгі Астананың алғашқы тарихи атауы.
Ұлы дала жері ежелден түрлі этнос пен мәдениет тоғысқан мекен болды. Ботай дәуірінде басталған жылқыны қолға үйрету мәдениеті уақыт өте кең далаға тарап, жаңа өмір салтының қалыптасуына ықпал етті. Жылқы қозғалыс пен еркіндіктің символына айналып, бүгінгі Қазақстан жерін мекендеген халықтардың тарихында жаңа кезеңнің басталуына жол ашты.
CBRB ASTANA — кофе өндіру мен дайындаудың барлық процесі ашық көрсетілетін заманауи кофе фабрикасы. Мұнда қонақ кофенің сан қырлы әлемін жақыннан танып, оның Қазақстан мәдениетімен қалай үндесетінін кеңістіктің әрбір бөлшегінен сезіне алады.
Терракота
Жобаның фирмалық түсі — терракота. Бұл реңк осы өлкені ғасырлар бұрын мекендеген жұрттың қыш жасау дәстүріне құрмет білдіреді. Сонымен бірге ол қуырылған кофе дәнінің түсін, қол еңбегінің жылуын және өз ісінің шеберлері жанын салып жасайтын дүниелердің табиғатын бейнелейді.
Джэбе — ертедегі шеберлер қымыз ашытуға арнап жасаған қалың қыш ыдыс. Өзен бойындағы қыш шеберханалары жылқы ұстайтын орындармен қатар орналасқан. Ал жылқы Ботай мәдениеті мен тіршілігінде айрықша орын алған. Осылайша қыш жасау мен жылқы өсіру өзара сабақтасып, бірін-бірі толықтырған екі маңызды кәсіп ретінде қатар дамыған.
«Terra cotta» атауының сөзбе-сөз мағынасы — «отқа күйдірілген топырақ».
Шамамен 9 мың жыл бұрын адамдар сазды отқа күйдіруді меңгерді. Оттың әсерінен жұмсақ табиғи материал мүлде жаңа қасиетке ие болып, берік бұйымға айналды. Терракота түсі — осы көне қолөнер дәстүріне, жер мен отты шеберлікпен үйлестіре білген ежелгі шеберлерге деген құрмет белгісі.
Жабдық пен интерьер және өнер біртұтас жоба ретінде бірге әзірленді
CBRB интерьері — жай ғана дизайн емес, өзіндік идеясы мен болмысы бар бірегей кеңістік. Ол — Coffee Boom командасы мен Weroast Unique Design дизайн студиясының және Бораншы Асан Серікқазыұлының көркемдік студиясының бірлескен шығармашылық жұмысының нәтижесінде қалыптасты.
Әр жобаға арнап эксклюзивті арт-нысандар мен инсталляциялар жасалды. Олар интерьерді толықтырып қана қоймай, кеңістіктің ажырамас бөлігіне айналып, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін және рухын өзіндік көркем тілмен жеткізеді.
Кеңістіктің әрбір элементі арнайы әзірленіп, бір нұсқада ғана жасалады.


Жасыл дәннен
дайын кофеге дейін
Кофе дәнінен десертке дейін —
бәрін өзіміз дайындаймыз
Астанадағы 1500 м² жеке өндіріс орны. Өндіріс тәулік бойы жұмыс істейді, командада 200-ден астам маман бар. Азық-түлік өнімдері күн сайын әр кофеханаға жеткізіліп отырады.
Кофехананы аралау кезінде сыр шертетін оқиғалар
Әр инсталляция белгілі бір тақырыпты ашады. Бірі Қазақстан мен Ботай мәдениеті туралы сыр шертсе, енді бірі кофе әлемімен таныстырады, ал кейбірі кеңістіктің ерекше атмосферасын қалыптастырады.
керамикалық панно
Бірінші қабаттағы басты инсталляция ежелгі жартас суреттерін еске түсіретін терракота тақташайлардан құралған. Оларда ботайлықтардың тұрмыс-тіршілігі, баспанасы мен жылқыны қолға үйрету сәттері бейнеленген.
Әр тақтайшаны суретші Бороншы Асан Серікқазыұлы қолмен жасап, бояған. Кептіру және күйдіру барысында пайда болған кедір-бұдыр жиектер мен жарықтар сол қалпында сақталған. Себебі осындай табиғи іздер керамиканың өзіндік болмысын айшықтай түседі.
Панно композициясын ағаш отырғызылған үлкен керамикалық ыдыс жалғастырады. Ыдысты айнала салынған суреттер ботайлықтардың өмірінен сыр шертіп, көне тарих пен заманауи кеңістіктегі тірі табиғатты бір арнаға тоғыстырады.
Панно жобаның негізгі идеясын артық сөзсіз-ақ ашады. Жақындап, ондағы әр көрініске зер салсаңыз жеткілікті.

Қабырғада бір үйір емес, бір жылқының қозғалыстағы түрлі сәттері бейнеленген. Әуелі тыныш тұрған жылқы аяңдап, кейін желіске түсіп, біртіндеп қарқын алады. Осы қозғалыс арқылы инсталляция жол мен еркіндіктің және алға ұмтылу идеясын бейнелейді.
Туындыда екі дәуірдің техникасы тоғысқан. Суреттің бір бөлігі ежелгі шеберлердің дәстүрімен керамикаға қолмен салынса, екінші бөлігі металға лазердің көмегімен түсірілген. Осылайша көне заман мен бүгінгі күн бір туындыда үйлесім тауып, бірін-бірі толықтырады.
Панно жобаның басты идеясын ұзақ түсіндірмесіз-ақ жеткізеді. Жақындап келіп, ондағы әр көрініске зер салсаңыз жеткілікті.

Үш мөлдір түтік кофе дәнінің қуыру барысында қалай өзгеретінін көрсетеді. Біріншісінде — жасыл дән, екіншісінде — қуырудың аралық кезеңіндегі дән, үшіншісінде толық қуырылған дән болады. Қатар орналасқан металл тақтада әр кезеңге қажетті температура мен уақыт көрсетілген.
Ал келесі төрт түтік әртүрлі лоттардың ерекшелігін салыстыруға мүмкіндік береді. Мұнда Бразилия Серрадо, Эфиопия Сидамо, Танзания Рукума және Бурунди Муйинга ұсынылған. Дәмін татып көрмей-ақ, әр лоттың дәні көлемі, пішіні мен түсі жағынан ерекшеленетінін аңғаруға болады.
Бұл — кәсіби терминдерді әлі білмейтін адамға кофе қуырудың қыр-сырын қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізудің оңай жолы.

Roasters деп кофені өздері қуыратын жобаларды атайды. CBRB Astana-да ростер бөлек өндіріс орнында емес, кофехананың дәл ішінде орналасқан. Сондықтан кіреберістегі атаудың өзі-ақ бұл жердің басты ерекшелігін айқындап тұр.
Жанында қазақ және орыс тілдерінде қысқа мәтін берілген. Ол команданың кофеге деген көзқарасын және дәнмен жұмыс істеудегі ұстанымын жеткізеді.
«Біз әлемнің әр түкпірінен бірегей кофе лоттарын іріктеп, CBRB Astana-да өзіміз қуырамыз».

Specialty 1974 жазуы бұл атаудың тарихына жетелейді. 1974 жылы Эрна Натсен specialty терминін алғаш рет дәмдік ерекшелігі айқын әрі шығу тегі белгілі шағын партиядағы кофеге қатысты қолданған.
Баспалдақ жанындағы инсталляция кофе өсетін аймақтар мен олардың теңіз деңгейінен биіктігін көрсетеді. Плантация биіктеген сайын кофе жемісі баяу пісіп, дәмі де біртіндеп қалыптасады. Дәннің бойында қант пен қышқылдардың жиналуына көбірек уақыт болғандықтан, биік тауда өскен кофеден жеміс пен гүлдің нәзік әрі күрделі реңктері жиі сезіледі.
Алайда биікте өскен кофе әрдайым сапалырақ деген сөз емес. Инсталляцияның негізгі ойы да осында: кофенің дәмін тек сұрыбы мен өңдеу тәсілі ғана емес, өскен жерінің климаты мен биіктігі де қалыптастырады.
Это простой способ объяснить разницу между сортами и проникнуться кофейной культурой

Қабырғалардың бірі кофе мәдениетінің қалыптасуына ықпал еткен маңызды өнертабыстарға арналған. Дөңгелек панельдер мен керамикалық элементтер әр дәуірде пайда болған кофе дайындау құрылғыларын, олардың шыққан жері мен тарихын таныстырады.
Жеке композиция кофені құмда дайындау дәстүріне арналған. Тұғырларға үш ыдыс қойылған. Ибриктің тарихы Ежелгі Парсыдан басталса, джезва Осман империясында қалыптасқан. Ал далла Араб түбегіндегі кофе дәстүрінің айрықша белгісіне айналған.
Қарама-қарсы қабырғада Бороншы Асанның джезва бейнеленген картинасы орналасқан. Бұйым мен оның көркем бейнесі бір-біріне қарама-қарсы қойылған және ғасырлардан жеткен кофе дайындау дәстүрінің жаңа сипатта жалғасып жатқанын көрсетеді.

Slider инсталляциясы телефон экранындағы ауыстырып-қосқыштарды үлкейтіп көрсеткендей әсер береді. Оның екеуі қуырылған, біреуі жасыл кофе дәндерімен толтырылған. Күнделікті көзге таныс цифрлық белгі осылайша көлемді арт-нысанға айналып, кофенің екі түрлі күйін көрсетеді.
Залдың төбесінде кофе дәндері бейнеленген төрт панель орналасқан. Төменнен қарағанда дәндер ауада қалықтап, тартылыс күшіне бағынбай тұрғандай көрінеді. Бұл көрініс еріксіз назар аудартып, жоғары қарауға, бір сәт аялдап, инсталляцияны тамашалауға жетелейді.
Екі инсталляция да кофе туралы өткенге сілтеме жасамай-ақ сыр шертеді. Мұнда бүгінгі қала тұрғынына жақын, бірден түсінікті визуалды тіл таңдалған. Соның арқасында кофе тақырыбы заманауи әрі тосын қырынан ашылады.

ON AIR тақтасы, винил ойнатқыш пен күйтабақтар қойылған сөре музыкаға асықпай, әр дыбысына мән беріп құлақ түретін ерекше әсер сыйлайды. Аналогтық дыбыс пен кофе мәдениетінің де өзара үндестігі бар: екеуі де уақытты, ұқыптылықты және әрбір бөлшекке мән беруді талап етеді.
CBRB Astana үшін жарықтандыру элементтерінің жеке топтамасы әзірленді. Еден, қабырға және аспалы шамдардың әрқайсысы осы кеңістіктің сипатына сай арнайы жасалған. Сондықтан олар интерьерді жай ғана жарықтандырып қоймай, оның бірегей болмысын толықтыратын бөлшекке айналған.
Оның жанындағы композиция винил мен қол еңбегінің құндылығын ашады. Суретші күйтабақтың бетіндегі әр жолақты циркульмен бір-бірлеп қолмен сызған. Ұқыптылық пен төзімділікті қажет ететін бұл жұмыс specialty ұғымымен де үндеседі. Өйткені мінсіз нәтиже көптеген шағын, бірақ дәл орындалған әрекеттен қалыптасады.

Таңғы ас, кездесу,
жұмыс немесе жаңа тәжірибе
Кофені терең білу де, арнайы экскурсия жоспарлау да міндетті емес. CBRB Astana-ға жай ғана тамақтануға, кездесуге немесе жұмыс істеуге келе аласыз. Ал қызығушылық танытсаңыз, бұл кеңістік сізге біртіндеп жаңа қырынан ашыла түседі.
Бір формат —
төрт түрлі қала
Әр жобаның өз түсі, өз тарихы мен өзіндік болмысы бар. CBRB-дің ортақ идеясы әр қалада қалай жаңа сипат алатынын көру үшін қаланы таңдаңыз.


















