CBRB Қарағанды
Мұнда эфиопиялық Калди мен қазақ Аппақ жайлы аңыздар интерьердің басты арқауына айналған. Кофе дәндері залда, яғни қонақтардың көз алдында қуырылады. Авторлық инсталляциялар, дәнге арналған инновациялық құбырлар, сирек лоттар сақталатын арнайы тоңазытқыш камерасы мен ашық асүй біртұтас кеңістік құрайды. Ал Қарағандының таңғы арайы мен күн батар шақтағы бояуларынан алынған фирмалық күлгін реңк интерьерге ерекше жылулық сыйлайды.
Кофехана, асүй және кофе дәнін қуыру аймағы — барлығы бір кеңістікте орналасқан
CBRB KARAGANDA — хош иісті кофе, жаңа піскен нан өнімдері, жаңа дәмдер мен шабыт тоғысқан орын.
Мұнда кофе мен десертке тапсырыс беріп қана қоймай, дәннің арнайы құбырлармен қалай қозғалатынын бақылап, ашық аймақтағы қуыру үдерісін тамашалап, осы жобаға арнайы жасалған арт-инсталляцияларды жақыннан көруге болады.





Көмір мен кофеден жылу алған қала...
CBRB Қарағанды — кофе өндіру мен дайындаудың бүкіл процесі көз алдыңызда өтетін, дәстүр мен заманауи технология тоғысқан ерекше кеңістік. Жоба әр қонақ кофенің дән күйінде сақталуынан бастап, шыныаяққа құйылғанға дейінгі бүкіл жолын өз көзімен көре алатын ашық кеңістік ретінде жасалған.
Жоба концепциясында араларын ғасырлар бөліп жатқан екі шопанның хикаясы тоғысады. Бірі — кофе дәнінің қасиетін алғаш таныған эфиопиялық Калди, екіншісі — қазақ даласынан көмір тауып, Қарағанды тарихында із қалдырған Аппақ. Олардың тарихы жаңалыққа ұмтылыс пен адамзатқа жылу сыйлайтын қуатты бейнелейді. Дала төсіндегі оттың қызуы да, хош иісті кофенің жылуы да осы ортақ мағынаны бейнелейді.
CBRB Қарағанды — кофе өндіру мен дайындаудың бүкіл процесі көз алдыңызда өтетін, дәстүр мен заманауи технология тоғысқан ерекше кеңістік. Жоба әр қонақ кофенің дән күйінде сақталуынан бастап, шыныаяққа құйылғанға дейінгі бүкіл жолын өз көзімен көре алатын ашық кеңістік ретінде жасалған.
Жоба концепциясында араларын ғасырлар бөліп жатқан екі шопанның хикаясы тоғысады. Бірі — кофе дәнінің қасиетін алғаш таныған эфиопиялық Калди, екіншісі — қазақ даласынан көмір тауып, Қарағанды тарихында із қалдырған Аппақ. Олардың тарихы жаңалыққа ұмтылыс пен адамзатқа жылу сыйлайтын қуатты бейнелейді. Дала төсіндегі оттың қызуы да, хош иісті кофенің жылуы да осы ортақ мағынаны бейнелейді.
Жоба «no boards» қағидасына құрылған. Мұнда кофе қуыру мен тағам дайындаудың барлық кезеңі ашық кеңістікте өтеді. Дәндер герметикалық құбырлармен қозғалып, сирек кофе лоттары арнайы тоңазытқыш камерада сақталады. Қонақ әр кезеңді өз көзімен көріп, кофенің дәннен шыныаяққа дейінгі жолын жақыннан бақылай алады.
Осы жоба үшін арнайы жасалған бірегей арт-инсталляциялар интерьермен үйлесіп, кеңістіктің ерекше сипатын аша түседі.
Күлгін
Бұл жобаның фирмалық түсі — нәзік күлгін. Бұл жай ғана таңдалған реңк емес, Қарағанды тұрғындарын таңғы араймен қарсы алып, күн батар шақта қайта көрінетін ерекше сәттің бояуы. Дәл осы мезгілде ұлан-ғайыр дала аспаны таңғажайып күлгін түске енеді. Оны таңның алғашқы шапағы мен күннің соңғы сәулесі түскен сәтте ғана көруге болады.
Бұл түс Аппақ Байжанов туралы аңызбен де үндеседі. Кезінде ол отқа түссе де сөнбей жанған «қара тастарды» тауып, көмір дәуірінің басталуына жол ашты. Үйлер мен қалаларды жылытып, адамға қызмет еткен көмірдің қызуы мен кофенің жылуы да осы тұста астасады: бірі — ошаққа жылу берсе, екіншісі — дәнді қуырудан бастап, таңғы алғашқы шыныаяқ кофеге дейінгі ерекше әсерімен көңілге жылылық ұялатады.
Бұл — күннің басталуы мен аяқталуын бейнелейтін, өмірдің үздіксіз айналымын аңғартатын түс. Әр таң жаңа жаңалықтарға жол ашса, әр кеш бір сәт аялдап, айналадағы жайлылықты сезінуге шақырады.
Жабдық, интерьер мен өнер бірлесе отырып әзірленді.
CBRB интерьері — жай ғана дизайн емес, өзіндік идеясы мен болмысы бар тұтас кеңістік. Ол Coffee Boom командасы, Weroast Unique Design дизайн студиясының және Бороншы Асан Серікқазыұлының көркемөнер студиясының шығармашылық бірлестігі нәтижесінде дүниеге келді.
Әр жобаға арнайы бірегей арт-нысандар мен инсталляциялар әзірленеді. Олар интерьермен үйлесіп, кеңістіктің өзіндік атмосферасын қалыптастырады әрі Қазақстанның тарихы мен рухын заманауи өнер тілімен жеткізеді.
Кеңістіктің әрбір элементі арнайы әзірленіп, бір нұсқада ғана жасалды.

Жасыл дәннен
дайын кофеге дейін
Кофе дәнінен десертке дейін — бәрін өзіміз дайындаймыз
Қарағандыда 1500 м² орналасқан жеке өндіріс фабрикасы тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнда 200-ден астам маман еңбек етеді және мұнда дайындалған өнімдер күн сайын барлық кофеханаларға жеткізіліп отырады.
Кофехананы аралап жүргенде сыры ашылатын хикаялар
Әр инсталляцияның астарында терең мағына жатыр. Бірі жоба идеясына арқау болған кофе мен көмірдің ашылуы туралы аңыздарды жаңғыртса, енді бірі кофе дәнінің алыстағы плантациядан басталып, қуыруға дейін жалғасатын сапарынан сыр шертеді.
CBRB KARAGANDA кеңістігінде жақыннан қарағың келетін ерекше деталь бар. Бұл — көмір шахталарына алғаш түскен кеншілердің жолын жарық қылған шамдар. Көмір өлкесінің әр тұрғынына таныс бұл бейне бүгінде интерьердің ажырамас бөлігіне айналған. Ол Қарағандының өндірістік тарихынан сыр шертіп, кенді өлкенің негізін қалаған алғашқы кеншілерге деген құрметті білдіреді.
Шамдардың іші қуырылған кофе дәндерімен толтырылған. Осылайша, олардың бойында жарық пен жылу ғана емес, жобаның мәні де көрініс табады.
Инсталляция екі аңызды бір арнаға тоғыстырады: ортасында Калди мен Аппақтың хикаясы қазақ және орыс тілдерінде бедерленген, ал қос қапталын күлгін-қызғылт реңктерге боялған екі көркем туынды көмкеріп тұр.
Бір туындыдан тау бөктерінің көрінісі мен кофені алғаш ашқан жандардың ізін аңғаруға болады. Екіншісі Қарағанды даласының кең тынысын, жер қойнауынан табылған қара тастың тұтас өлкенің тағдырын өзгерткен сәтін бейнелейді.
Бұл картиналар екі аңызды біртұтас көркем хикаяға тоғыстырып, кездейсоқ ашылған жаңалықтардың тұтас халықтардың тарихы мен мәдениетінде өшпес із қалдырғанын баяндайды.

CBRB KARAGANDA интерьеріндегі жарық инсталляциясы қала атауын ерекше мәнерде бейнелейді. «KARAGANDA» жазуы бірден көзге түспей, таңғы мұнар арасынан немесе күн батар шақтың сәулесінен көрінгендей, жұмсақ сұлба болып қана байқалады. Ал күлгін-қызғылт реңктер кеңістікке ерекше әсер мен нәзік үйлесім сыйлайды.
Жазудың көмескі сұлбасынан Қарағанды даласына тән бедер — көкжиекке қарай созылған қыраттар мен Сарыарқаның ұсақ шоқылары көрінеді. Осылайша, инсталляция туған өлкенің табиғатын айқын суреттемей-ақ, нәзік ишара арқылы Қарағандының өзіндік келбетін танытады.
Жарық панелі CBRB-дің осы жобасы үшін арнайы әзірленген

Roasters деп кофені өздері қуыратын жобаларды атайды. CBRB Kostanay-да ростер бөлек өндіріс орнында емес, кофехананың дәл ішінде орналасқан. Сондықтан кіреберістегі бұл атау кеңістіктің басты ерекшелігін бірден аңғартады.
Оның жанындағы қазақ және орыс тілдеріндегі қысқа мәтін осы ойды жалғастырып, команданың кофеге деген деген ерекше ықыласын жеткізеді.
«Біз әлемнің әр түкпірінен ерекше кофе лоттарын таңдап, оларды CBRB Astana-да өзіміз қуырамыз».
Әуежай таблосын еске түсіретін монохромды нысан бір мезетте әрі есептегіш, әрі кофе әлемінің картасы қызметін атқарады. Ондағы сандар жоба ашылған күннен бері қанша килограмм кофе қуырылғанын көрсетсе, жанындағы елдер мен лоттардың атаулары жасыл дәннің әлемнің қай түкпірінен келгенінен сыр шертеді.
Осылайша, инсталляция кофенің алыстағы плантациядан осындағы ростерге, одан әр қонақтың шыныаяғына дейін жүріп өтетін жолын бейнелейді.
Бұл — атқарылған жұмыстың ауқымын ғана емес, әр кофе дәнінің қай өлкеден келетінін көрсететін де ерекше инсталляция.
Оның көмегімен жоба іске қосылғалы қанша кофе дәні қуырылғанын және кофенің қай елдерден жеткізілетінін көре аласыздар

Интерьерде нағыз кендір қап қойылған. Дәл осындай 30 килограмдық қаптармен плантациялардан сирек кездесетін Specialty санатындағы микролоттар жеткізіледі. Ал ішіндегі GrainPro қорғаныш қабаты кофе дәндерін ылғал мен температура ауытқуларынан сақтайды.
Қаптың астындағы сөреде кофе дәнінің жүріп өтетін жолы екі тілде бедерленген. Алыс плантациялардан басталған бұл сапар қуырудың жылуымен ұштасып, Қарағандының көмір тарихымен үндеседі. Көмір қаланың тарихына жылу мен қуат сыйласа, кофе сол жылу идеясын жаңа мағынада жалғастырады. Осылайша, CBRB командасы жобаның әр бөлшегіне мән беріп, дәстүр мен жаңалық ашу рухын тоғыстырды.
Инсталляциядан кофенің плантациядан қандай қаптамада жеткізілетінін көруге болады
Таңғы ас, кездесу,
жұмыс немесе жаңа тәжірибе
Кофені терең білу де, арнайы экскурсия жоспарлау да міндетті емес. CBRB Astana-ға жай ғана тамақтануға, кездесуге немесе жұмыс істеуге келе аласыз. Ал қызығушылық танытсаңыз, бұл кеңістік сізге біртіндеп жаңа қырынан ашыла түседі.
Бір формат,
төрт түрлі қала
Әр жобаның өз түсі, өз тарихы, өз мінезі бар. Қаланы таңдап, CBRB-дің ортақ идеясы әр мекенде қалай жаңа сипатқа ие болатынын көріңіз.
Жобаның негізіне Ботай мәдениеті мен терракота түсі арқау болған. Бұл реңк ежелгі қыш өнеріне де, кофе дәнін қуыру үдерісіне де нәзік ишара жасап, өткен мен бүгінді бір кеңістікте тоғыстырады.










