CBRB Қостанай
Жобаның түсі — Қостанай туынан шабыт алған көк түс. Кофе дәндері залдың дәл ортасында, еш кедергісіз әрі әйнексіз, қонақтардың көз алдында қуырылады. Ашық асүй, қаланың индустриялық рухы мен бірегей арт-инсталляциялар кофехананы кофе әлемін жан-жақты сезінуге мүмкіндік беретін ерекше кеңістікке айналдырады. Мұнда дәннің плантациядан шыныаяққа дейінгі бүкіл жолын өз көзіңізбен көре аласыздар.
Мұнда сіз бен асүйдің, кофе қуыру аймағының арасында ешқандай шекара жоқ
CBRB KOSTANAY — кофе дәмі мен кеңістіктің атмосферасы үйлесім тапқан ерекше орын. Мұнда жаңа дайындалған кофе, авторлық нан өнімдері мен әлемнің әр түкпірінен әкелінген сирек кофе сұрыптары ұсынылады. Сондай-ақ мұнда дәнді көз алдарыңызда қуырып береді.
Coffee Boom Roasters & Bakery форматында кофе қуыру шеберханасы, ашық асүй мен наубайхана бір кеңістікте тоғысады. Индустриялық интерьер мен арт-инсталляциялар оған ерекше сипат беріп, әр деталіне назар аудартады. Мұнда кофе ішу үшін ғана емес, кеңістіктің атмосферасын сезініп, асықпай аялдау үшін де келгіңіз келері анық.





Индустриялық рухы асқақ қала
Қостанай — өндірістік рухы бар, еңбек пен жасампаздық тарихы әр қырынан көрініс тапқан зауыттар қаласы. Өңірді алға жетелейтін қуат та осындағы ірі өндіріс орындарында қалыптасады. Сондықтан CBRB жобасының негізіне Қостанайдың индустриялық болмысы арқау болды. Мұнда кофе өндірісі зауыт форматына көшіп, ашық әрі ауқымды кеңістіктің басты бөлігіне айналады.
Жобаның интерьері кофе дәнінің алыс плантациялардан шыныаяққа дейінгі жолын ұлттық дәстүр мен мәдениетпен сабақтастыра баяндайды. Көркем инсталляциялар мен бірегей дизайн элементтері әр кофенің өз тарихы бар ерекше әлемге жетелейді.
Қостанай — индустриялық болмысы айқын, зауыттар мен өндіріс өркендеген қала. Мұнда әрбір детальдан еңбек пен жасампаздық сезіледі. Өңірді алға жетелейтін қуат та осындағы алып өндіріс орындарында қалыптасады. ССондықтан CBRB жобасының негізіне Қостанайдың индустриялық болмысы арқау болды. Мұнда кофе өндірісі зауыт форматына көшіп, ашық әрі ауқымды кеңістіктің басты бөлігіне айналады.
Жобаның интерьері кофе дәнінің алыс плантациялардан шыныаяққа дейінгі жолын ұлттық дәстүр мен мәдениетпен сабақтастыра баяндайды. Көркем инсталляциялар мен бірегей дизайн элементтері әр кофенің өз тарихы бар ерекше әлемге жетелейді.
Әлемде кофе қуыру процесін қонақтарға толықтай ашатын жобалар санаулы. Тіпті ірі мегаполистердің өзінде мұндай аймақтар көбіне әйнекпен бөлініп тұрады. Ал CBRB KOSTANAY — Қостанайдағы алғашқы ашық кофе қуыру аймағы. Жоба «no boards» тұжырымдамасына негізделген: мұнда қонақ пен кофе өндірісінің арасында ешқандай шекара болмайды. Кофенің қалай қуырылатынын жақыннан көріп қана қоймай, осы ерекше атмосфераны толық сезінуге болады.
CBRB KOSTANAY — кофені дәмімен ғана емес, хош иісімен, көрінісімен және атмосферасымен сезінуге мүмкіндік беретін мультисенсорлық кеңістік. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен жеткізілген таңдаулы кофе лоттары қуырылып, әр дәннің ерекшелігі ашылады. Қостанайдың индустриялық болмысымен үндескен кеңістіктің әрбір деталі specialty coffee әлеміне тереңірек бойлау үшін мұқият ойластырылған.
Көк
Бұл жобаның фирмалық түсі — көк. Оның негізіне Қостанай қаласының туындағы түс алынған. Қанық көк пен аспан түстес көгілдірдің үйлесімі COFFEE BOOM командасына шабыт беріп, Қостанайдағы CBRB жобасы үшін арнайы әзірленген бірегей дизайн, айдентика мен мағыналық тұжырымның өзегіне айналды.
Көк түстің бұл реңктері қала тұрғындарына жақын әрі таныс. Оларды Лев Толстой атындағы облыстық ғылыми кітапхананың атауынан, драма театрының келбетінен, тіпті орталық стадионның безендірілуінен де кездестіруге болады. Қостанайға келген әр адамды қарсы алатын да — осы түс.
Фирмалық түстің негізі — қала туы мен сәулеті
Жабдық, интерьер мен өнер біртұтас идея аясында жасалды
CBRB интерьері — жай ғана дизайн емес, өзіндік бірегей концепциясы бар кеңістік. Ол Coffee Boom командасы, Weroast Unique Design дизайн студиясы және Бороншы Асан Серікқазыұлының көркемөнер студиясының бірлескен еңбегінен туған.
Әр жоба үшін арнайы бірегей арт-нысандар мен инсталляциялар жасалған. Олар кеңістіктің ажырамас бөлігіне айналып, Қазақстанның тарихы мен рухын айшықтайды.
Кеңістіктің әр элементі арнайы әзірленіп, бір ғана данамен жасалады.


Жасыл дәннен
дайын кофеге дейін
Кофе дәнінен десертке дейін —
бәрін өзіміз дайындаймыз
Астанадағы 1500 м² аумақта орналасқан жеке фабрика. Өндіріс тәулік бойы жұмыс істейді, командада 200-ден астам маман бар. Жаңа дайындалған өнімдер күн сайын әр кофеханаға жеткізіліп отырады.
Кофехананы аралап жүргенде баяндалатын оқиғалар
CBRB KOSTANAY инсталляциялары кофенің тарихы мен жүріп өткен жолын, сан алуандығы мен сан қырлы әлемін таныстырады. Бір-бірімен үйлесім тапқан бұл туындылар кеңістікке ерекше әсер сыйлайды.
Кіреберісте қонақтарды біртұтас композиция құрайтын екі тік инсталляция қарсы алады. Олардың жанында қазақ және ағылшын тілдерінде: «Біз specialty санатындағы кофе дәндерін мұқият қуырамыз» деген жазу орналасқан.
Бұл инсталляция — CBRB тұжырымдамасының көрінісі. Мұнда Specialty ұғымы SCA бағалауындағы кофе санатымен ғана шектелмейді. Ол — дәнге ерекше мән беретін тұтас философия: мұқият іріктеу, қуыру профилін дәл әзірлеу, кофені түрлі әдіспен дайындау және әр процестің қонаққа ашық болуы.
Негізгі мақсат — қонақты кофе мәдениетімен жақынырақ таныстырып, дәннің әр кезеңнен қалай өтетінін ашық жабдықта көрсету. Осылайша кіреберістегі бұл сөздер кофенің плантациядан шыныаяққа дейінгі бүкіл жолында оған ұқыптылықпен қарау қағидасын айқын жеткізеді.
Инсталляция — CBRB тұжырымдамасына деген құрметтің көркем көрінісі

«Кофе қуыру профилі» инсталляциясы ерекше назар аудартады. Металл тақтайшалар және жасылдан қою қоңыр түске дейін құбылған дәндер бейнеленген шеңберлер ростерде болатын, әдетте көзге көрінбейтін үдерістің сырын ашады.
Бұл композиция өнер мен технологияны тоғыстырып, кофе дәнінің барабан ішіндегі өзгерісін көз алдыңызға әкеледі. Жасыл дәннің ростерге түскен сәтінен бастап, толық қуырылып шыққанға дейінгі жолы осында кезең-кезеңімен бейнеленген.
11 минут және 204 °C — CBRB үшін таңдалған кофе лоттарының бірін қуыру режимі. Ал осы лотқа берілген көк түс жобаның фирмалық түсімен үндесе түседі.
Бұл — кофе дәнінің қуыру барысында қалай өзгеретінін тамашалап, оңай түсінудің қарапайым тәсілі.

Арт-нысан ретро мәнерде жасалған: мұнда пиксельдердің орнын команда қолмен алмастырып отыратын магнитті тақтайшалар басқан. Бәрі цифрға көшкен заманда қолмен жаңарып отыратын бұл қарапайым әрекеттің өзіне тән жылуы мен тартымдылығы бар.
Килограмм көрсеткіші фирмалық көк түспен арнайы ерекшеленіп, композицияның басты бөлігіне айналған. Ал үнемі жаңарып отыратын инсталляция өндірістің нақты қарқыны мен өзгерісін көрсетеді.
Инсталляция әсемдік үшін ғана жасалмаған: таблода CBRB-де осы уақытқа дейін қуырылған кофе дәнінің жалпы мөлшері көрсетіліп тұрады.

Roasters атауы кофені өздері қуыратын жобаларға қатысты айтылады. CBRB Kostanay-да ростерс бөлек жерде емес, кофехананың өзінде орналасқан. Сондықтан кіреберістегі Roasters сөзі бұл кеңістіктің басты ерекшелігін бірден танытады.
Оның жанында қазақ және орыс тілдерінде қысқа мәтін берілген. Бірнеше жолға сыйған бұл мәтін команданың кофеге деген көзқарасы мен дәнмен жұмыс істеу ұстанымын айқын жеткізеді.
«Біз әлемнің түкпір-түкпірінен таңдаулы кофе лоттарын іздеп тауып, оларды CBRB Astana-да өзіміз қуырамыз»
Екінші қабаттағы арт-нысан — CBRB-дің Астанадағы жобасынан таныс суретші Асан Борончиновтың қолмен безендірген V60 кофе демдеу құрылғыларының топтамасы.
Әр құрылғы өзінше ерекше. Олардың суреттерінде төрт тақырып: асқақ таулар, киіз үйдің шаңырағы, ұлттық ою-өрнектер және уақыттың үздіксіз ағымын меңзейтін күн мен жебе бейнелері үндеседі. Бір-бірін қайталамайтын туындылар осы тақырыптар төңірегінде топтастырылған.
Суреттердің екі бағытта жалғасуы композицияға қозғалыс пен тұтастық дарытады. Осылайша инсталляция кофе мәдениеті мен қазақтың ұлттық болмысын бір арнаға тоғыстырады.
Бұл — кофе түрлерінің айырмашылығын оңай танып, кофе мәдениетіне тереңірек бойлаудың қарапайым тәсілі.

CBRB KOSTANAY-дағы тағы бір мазмұнды инсталляция жасыл кофенің қай елдерден келетінін көрсетеді. Индустриялық панельдерде Кения, Бразилия, Перу және Руанда елдері белгіленіп, әйнек астына әр өңірде өсірілген кофе дәндерінің үлгілері қойылған.
Осылайша кофенің әлемнің қай түкпірінен келетіні ғана емес, әр аймақта өсірілген дәннің өзіндік ерекшелігі де көз алдыңызда ашылады. Олардың түсін, көлемі мен құрылымын жақыннан көріп, бір-бірімен салыстыруға болады.

Таңғы ас, кездесу,
жұмыс немесе жаңа тәжірибе
Кофені терең білу де, арнайы экскурсия жоспарлау да міндетті емес. CBRB Astana-ға жай ғана тамақтануға, кездесуге немесе жұмыс істеуге келе аласыз. Ал қызығушылық танытсаңыз, бұл кеңістік сізге біртіндеп жаңа қырынан ашыла түседі.
Бір формат
төрт түрлі қала
Әр жобаның өз түсі, өз тарихы мен өзіндік болмысы бар. CBRB-дің ортақ идеясы әр қалада қалай жаңаша сипат алатынын көру үшін қаланы таңдаңыз.
Ботайская культура и терракотовый цвет, отдающий дань гончарному делу и обжарке кофейного зерна, стали основой концепции проекта.













